Желілік экранды қорғайтын желілер тізімін тексеру

Kaspersky Endpoint Security for Windows желілік экраны барлық желілеріңізді қорғайтынына көз жеткізіңіз. Әдепкі бойынша желілік экран келесі қосылым түрлері бар желілерді қорғайды:

Егер сіз пайдаланушы желісін орнатқан болсаңыз, оны желілік экран қорғайтынына көз жеткізіңіз. Ол үшін Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатының сипаттарындағы желілер тізімін тексеріңіз. Тізімде кейбір желілер көрсетілмеуі мүмкін.

Желілік экран туралы көбірек білу үшін Kaspersky Endpoint Security for Windows құжаттамасын қараңыз.

Желілер тізімін тексеру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатын басыңыз.

    Таңдалған саясаттың сипаттар терезесі ашылады.

  3. Саясат сипаттарында Бағдарлама параметрлеріБазалық қорғанысЖелілік экран бөліміне өтіңіз.
  4. Қолжетімді желілер блогында Желі параметрлері сілтемесінен өтіңіз.

    Желілік қосылымдар терезесі көрсетіледі. Бұл терезеде желілер тізімі көрсетіледі.

  5. Егер тізімде желі болмаса, оны қосыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу